• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: ҚР Үкіметі автоөнеркәсiптi сақтап қалуға мүмкiндiк беретiн iс-шаралар кешенiн қабылдады

Ә.Исекешев: ҚР Үкіметі автоөнеркәсiптi сақтап қалуға мүмкiндiк беретiн iс-шаралар кешенiн қабылдады

17 Ақпан, 2015 17:23
Қазақстан Үкiметі автоөнеркәсiптi сақтап қалуға және одан ары дамытуға мүмкiндiк беретiн iс-шаралар кешенiн қабылдады. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев мәлiмдеді.

Ол атап өткендей, Үкімет отандық автоөнеркісіптің тағдырына ей-жай қарамайды.«Автоөнеркәсiп саласы қатты зардап шеккен салалардың бірі. Себебі, Қазақстанға  екi айда Ресейден 50 мың көлiк жеткiзiлдi. Қазiр бiзде арнайы жұмыс тобы жұмыс жасап жатыр. Бiз Үкiметте iс-шаралар кешенiн қабылдадық, бұл жоспар автоөнеркәсiпте құлдырау болса, оны сақтап, әрi қарай дамытуға мүмкiндiк бередi», - деп атап өтті Ә.Исекешев.

Барлық жаңалықтар