• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да металлургиялық кәсіпорындарды жаңғырту жалғасатын болады – Исекешев

ҚР-да металлургиялық кәсіпорындарды жаңғырту жалғасатын болады – Исекешев

17 Ақпан, 2015 16:52
ҚР-да металлургиялық кәсіпорындарды жаңғырту жалғасатын болады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемдік тренде қазақстандық  шикізатқа сұраныс туындауда. Бұл кезеңді өндірісті жаңғырту үшін де қолдануға болады. Елбасы Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлік кабинетінің назарын осыған аударған болатын.

«Менің айтпағым, металлургия саласындағы кәсіпкерліктерді жаңғырту жалғасады. Сондай-ақ, осы жылы 6 жаңа жоба енгізілді», - деді ИДМ басшысы.

Ә.Исекешев айтып өткендей, «Казфосфат» ірі кәсіпорны бойынша жұмыс жалғасуда.

«Мұнда Ресей мен Еуропаның негізгі нарықтары бар. Қазір евродан доллар қатынасына қарай құнсыздану болып жатыр. Жамбыл облысында «Еврохим» кешенінің құрылысы жалғасуда, осы жылы екінші кезең аяқталып, кәсіпорын бірінші өнімін шығара бастайды», - деді министр.

Барлық жаңалықтар