• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын әзірлеуге кірісті

ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын әзірлеуге кірісті

17 Ақпан, 2015 16:11
ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын әзірлеуге кірісті, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2016-2020 жылдарға арналған шараларын  дайындауға кірістік. Оның басым бағыттарының бірі алғашқы медициналық көмек көрсету болып есептеледі», - деді Т.Дүйсенова.

Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына ену  стратегиялық бағытын ескерсек, алғашқы көмек көрсету ЭЫДҰ елдерінің стандартына сәйкес болуы керек.

«Мемлекеттік бағдарламаның келесі бағыты  - ауруды алдын ала анықтаудың жүйесін енгізу, бірыңғай медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, дайындық жүйесін жаңғырту, кадрлардың біліктілігін арттыру 2009 жылы елде енгізілген Ұлттық біліктілік жүйесіне сәйкес болуы керек», - деді министр.

 Айта кетерлігі, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы созылып, өлім-жітім көрсеткіші азайды.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар