- Басты
- Жаңалықтар
- HP ҚР-да өнімдерін өткізу үшін логистикалық орталықты құру мүмкіндігін қарастыруда
HP ҚР-да өнімдерін өткізу үшін логистикалық орталықты құру мүмкіндігін қарастыруда
ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлағандай, делегация Алтынкөл теміржол станциясының, «Хоргос Шығыс қақпалары» АЭА құрғақ портының, «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының (ХШЫО) жұмысымен танысты. Аталмыш алпауыт компанияның жұмысы соңғы кездері Қазақстандағы осы шекара маңымен тығыз байланысты.
2012 жылдың күзінен бастап компанияның өнімі Қытаймен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы зауыттарынан Қазақстан, Ресей, Беларусь, пен Польша арқылы Германияға тасымалданады. Железнодорожный маршрут Чунцин (ҚХР) Дуйсбург (Германия) теміржол бағыты теңіз (45 күн) арқылы тасымалдаумен салыстырғандай жүк тасымалын 15 күнге қысқартады.
Өткен жылдың желтоқсан айында «KTZExpress» бастамасымен «Rail-Аir» атты пилоттық жоба жүзеге асырылды. Бүгінде аталмыш жобаның мүмкіндіктерін HP өкілдері жоғары бағалап отыр.
«Біздің компаниямыз үшін бұл жаңа бағыт айтарлықтай маңызды, яғни теміржол немесе аралас тасымалдау - RailAir. Бизнес үшін тағы бір балама нұсқаның болғаны маңызды», - деп есептейді Стюарт Панн.
«RailAir-дың аралас жеткізілімдері жүк тасымалы уақытын айтарлықтай төмендетеді. Ол теңіз теміржол, әуе бағыттары бойынша тасымалдаудың алтын ортасы болып табылады. Жоба үнемділігі, логистикалық жүйе желісінің жүйелі түзілуіне байланысты өте тиімді», - деп сенім білдірді Еуропа мен Орта Азия елдеріндегі логистика бойынша директоры Рональд Клейвегт (RonaldKleijwegt).
Жалпы, компания өкілдері кездесу барысында екі жақты бірлесіп жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
«Біз бірлесіп жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырдық. Дәлірек айтсақ, HP компаниясы үшін ҚР-да өнімдерін өткізу бойынша логистикалық орталықты құру жобасы. Ол өз кезегінде компания өніміне деген Қазақстандағы, ТМД мен Орталық азиядағы сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берер еді. Олар жұмыс істейтінін растады, оларға бұл ұсыныс қызықты», - деп атап өтті «ҚТЖ»ҰК»АҚ вице президенті Қанат Алпысбаев.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады