• Басты
  • Т.Дуйсенова: Қазақстан өңірлеріндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары наурыздың ортасында бекітіледі

Т.Дуйсенова: Қазақстан өңірлеріндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары наурыздың ортасында бекітіледі

17 Ақпан, 2015 15:07
Қазақстан өңірлеріндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары наурыздың ортасында бекітіледі, деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның алқа отырысында.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік міндеттерді сақтауды тапсырды.

«Қазақстанның барлық өңірлерінде осы жылдың 15 наурызына дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  кешенді жоспары бекітіледі. Аталмыш жоспарлар азаматтарды «Нұрлы жол» бойынша жүзеге асырылып жатқан  инфрақұрылымдық жобаларға, сондай-ақ, өзге жеке және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» аясында жұмыспен қамтуға бағытталған», - деді Т.Дүйсенова.

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 461 мың адам қамтылды. Оның 60 пайызы-жұмыссыздар, 30 – өзін-өзі қамтушылар, 9 пайызы еңбекке қабілетті аз қамтылған адамдар.

«Осы жылы Мемлекет басшысы «ЖҚЖК-2020» өзектілендіру бойынша әлеуметтік көмек көрсету, олардың сапасын жақсартуға көңіл бөлуді тапсырды», - деді ол.

Камила Амирова

 

 

Барлық жаңалықтар