Атырау облысында 2,8 млрд теңгенің мүлкі жекешелендірілді

18 Ақпан, 2015 08:53
Атырау облысында 2,8 млрд теңгенің мүлкі жекешелендірілді, деді қалалық әкімдіктің мемлекеттік және құқытық бөлімінің жетекшісі, мүлікті жария ету бойынша қалалық комиссияның орынбасары Серік Нысанбаев.

Ол атап өткендей, комиссияға 4,2 млрд теңгенің 505 нысаны бойынша 397 өтініш келіп түсті. «Қазіргі таңда комиссия тағы 109 нысан бойынша 72 өтінішті қарастыруда», - деді ол.

Сондай-ақ, Атырау қаласында жекешелендіру үрдісі белсенді өтуде, 303 өтініш келіп түсті, ал Құрманғазы ауданында – 33, Жылыойда – 15.

 

Барлық жаңалықтар