• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Күлшімбаев: Конституция - адам және азамат бостандығы мен құқығының жоғарғы құндылығы

И.Күлшімбаев: Конституция - адам және азамат бостандығы мен құқығының жоғарғы құндылығы

17 Ақпан, 2015 17:07
Конституция адам және азамат бостандығы мен құқығының жоғарғы құндылығы болып табылады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Астана қаласы ТЖД бастығының м.а. полковник И.Күлшімбаев.

Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің негізгі Заңы болып табылады.

«Заманауй қоғамда тек Конституция ғана адам және азамат бостандығы мен құқығының жоғарғы құндылығы болып табылады. Негізгі Заң әділеттілік, заңдылық және тәртіптік принциптерге негізделе отыра, еліміздіңң әр азаматына қоғамдық және мемлекеттік өмірді жоспарлауға мүмкіндік беретін құжат болып табылады», - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД бастығының м.а. полковник Ибрагим Күлшімбаев.  

«Конституция күні Қазақстанда еліміздің мемлекеттілігін танытатын мереке. Бұл күні Қазақстан Республикасының әр азаматы тәуелсіз, демократиялық қоғамның тұрғызылуындағы қатыстылығын сезінеді», - деп атап өтті полковник.

 

Барлық жаңалықтар