- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанның эскпортқа негізделген өнім өндірушілері мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алды
Оңтүстік Қазақстанның эскпортқа негізделген өнім өндірушілері мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алды
Агенттік өкілдерінің мәліметтерінше, «KAZNEX INVEST» ұжымының көмегінің арқасында 2010-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының 130-дан астам кәсіпорындары мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған. Аталған уақыт аралығында 187,2 миллион АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісімдер жасалған.
«Осы кәсіпорындардың арасында 17 компания әлемнің 14 мемлекеттеріндегі сауда-саттық шараларына, 8 компания шетелдік арнайы көрмелерге, 2 компания бірыңғай ұлттық стенд форматындағы шетелдік көрмеге қатысып, 13 компания жарнамалық-тұсаукесер шараларына атсалысты»,-делінген хабарламада.
Бұл ретте аймақтың экспорттық өнімдерінің басым бөлігін азық-түлік тауарлары (ұн, макарон өнімдері, май, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз ішімдіктер) фармацевтикалық өнімдер, химия өнеркәсібі, тоқыма бұйымдары және трансформаторлар құрады.
Оңтүстікқазақстандық өнім өндірушілер биылғы жылы ұлттық агенттіктің Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, Армения, Ресей және Моңғолия сияқты мемлекеттердегі сауда миссияларына қатыса алады. KAZNEX INVEST болса еліміздің кәсіпорындарының халықаралық саларалық көрмелерга қатысуларына барынша қолдау көрсететін болады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады