- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекеттік этносаясатты іске асыру саласында кәсіби білімді арттыру бойынша семинар-тренинг өтуде
Астанада мемлекеттік этносаясатты іске асыру саласында кәсіби білімді арттыру бойынша семинар-тренинг өтуде
Академияда хабарлағандай, семинар жұмысына өңірлердің этномәдени және діни ұйымдарының басшылары, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, «Қоғамдық келісім» республикалық және өңірлік мекемелерінің өкілдері қатысуда.
Аталған семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында мемлекеттік этносаясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен білік-дағдыларын арттыру болып табылады.
Семинар барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтары үшін онлайн-режимде көрсетілетін болады.
Осындай мазмұндағы республикалық, аймақтық және көшпелі семинар-тренингтер 2012 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы Павлодар, Ақтөбе, Орал, Петропавловск, Талдықорған және Астана қалаларында осындай семинарларды өткізу жоспарланып отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары