- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңды қарады
Сенат балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңды қарады
Заң жобасының негізгі мақсаты балаларды зиянды ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету, балалардың жасына сәйкес келетін ақпаратты алуына және таратылуына құқықтарын іске асыру, сондай-ақ олардың ақпарат кеңістігіне жағымсыз ақпараттың енуінен қорғау болып табылады.
«Құжатта ақпарат өнімдерінің сараптама жүргізу тетіктері бекітілді, сарапшыларға қойылатын талаптар, сарапшылар мен сараптамалық ұйымдарды тіркеу тәртібі белгіленді, осы саланы реттейтін мемлекеттік органдардың құзыреттері ажыратылды», - деп хабарлады Сенаттың баспасө қызметі.
Комитет отырысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Заң жобасы заңнаманы «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген болатын.
Негізгі заң жобасының тұжырымдамалық бағыттарын ескере келгенде осы заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді