• Басты
  • Қостанай облысы ІІД қызметкерлері ҰОС ардагерін 99 жылдық мерей тойымен құттықтады
17 Ақпан, 2015 15:18

Қостанай облысы ІІД қызметкерлері ҰОС ардагерін 99 жылдық мерей тойымен құттықтады

Қостанай облысы ІІД қызметкерлері мен ардагерлер кеңесі ҰОС ардагері Сағынтай Әбдірайымовты 99 жасқа толуымен құттықтады.
Қостанай облысы ІІД қызметкерлері ҰОС ардагерін 99 жылдық  мерей тойымен құттықтады

ҚР ІІС хабарлағандай, жұтпен шыңдалған, соғысты да өткерген және әскери борышын қиыр Солтүстікте өтеген соғыс ардагері Сағынтай Әбдірайымов туған күнін Қостанайда қарсы алды, бұл қала ол  үшін 1997 жылдан бастап туған жер болып келеді.   

Сағынтай ата өміріне ешқашан өкпелеген емес, әйтсе де ол тағдыр тәлкегіне бала кезінде-ақ ұшыраған. Ол 1916 жылы 15 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. 20-жылдар тарихта аштық жылдары болып сақталып қалған. Ата-анасы ерте өмірден озған бала жастаынан еңбекке араласады. Бастапқыда жалаң аяқ мал бақса, есейіп қалғанында тракторшының көмекшісі болып жұмыс істеген. Кейін 1936 жылы училищеге оқуға  ұста мамандығы бойынша оқуға түседі. Мамандығын алған саң Қарағанды облысындағы теміржолға жұмыса орналасады. Бір жыл өткне соң ол әскерге шақырылады. Сөйтіп әскери борышын Қиыр Шығыста өтейді. 39 жылы жылы запасқа жіберіледі, алайда ол отаны Қазақстанға оралмайды, Коми Республикасында әскери қызметін жалға тырады. Кейіннен сұм соғыс басталып, Сағынтай Әбдірайымовтың әскери мансабы басталады.

Ардагердің үлкен қызы Галина Сексенбаеваның айтуынша, оның әкесі Комиде саяси тұтқындарды күзеткен, ал соғыс жылдары тайгаға кіріп кеткен неміс диверсанттарын аулаған.

Сонымен қатар, ардагер Қиыр Солтүстікте өзінің жары Матрена Евргафовнаны кездестіріп, тұп-тура 54 жыл келісімде өмір сүреді.

Өткен жүз жылдықтың 50-ші жылдары ол отбасымен Қазақстанның Целиноград қаласына көшіп келеді. Онда ол ІІД өз қызметін жалғастырады. Қызмет барысында адал, әрі білікті маман ретінде өзін көрсетеді. Сондай-ақ, қызмет барысында ардагер бірнеше рет медальдармен, ордендермен марапатталған. Олардың ішіндегі ең бағалысы Қызыл Жұлдыз Ордені, Қызыл Ту Ордені, «ҰОС Германияны жеңген жеңісі үшін» медалі.

2004 жылы Қазақстанға Украинадан Жеңістік 65 жылдығына арналған мерейтолық медаль жіберілді. Ол оны көзінің қарашығындап сақтап келеді. 

Бүгінде ардагердің туыстары, яғни 7 баласы, 16 немересі мен 19 шөбересі атасының 100-жас мерей тойын күтуде. Алайда ең жақыны Жеңістің 70-жылдығы. Ал, Сағынтай ата болса өз өзіне кем дегенде кавказдағылар сияқты 140 жасқа дейін өмір сүру керек деп отыр.

 

Барлық жаңалықтар