• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет әлеуметтік міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын жіті қадағалап отыр - Жазықова

Мемлекет әлеуметтік міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын жіті қадағалап отыр - Жазықова

17 Ақпан, 2015 14:47
Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы айта келе, денсаулық сақтау мен білім беру саласын жаңғырту ісін жалғастыра беру қажеттігін айтты»,- деді Қазақстанның денсаулық сақтау еңбеккерлерінің салааралық кәсіподақтары Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Лаура Жазықова Strategy2050.kz. порталының тілшісіне берген сұхбатында.

«Бұл адам капиталына салынған ұзақмерзімді инвестиция және экономикамыздың болашақта тек өрлей беруінің алғышарты. Бұл мәселелерге назар аудармай әлемдегі дамыған елдердің  қатарынан көрінем деу бекер сөз»,- деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл әлеуметтік саланы қашанда басты назарда ұстайтын Елбасының дұрыс шешімі.

Лаура Жазықованың сөзінше, дер кезінде қолға алынған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы қазірдің өзінде нәтижесін беріп отыр. Яғни мемлекет теңге бағамының күрт төмендеп кетуінің алдын алып, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қадағалап отыр.  «Меніңше, халық Елбасының өзінің аузынан қажетті сөздерді естіді. Яғни еліміздің бюджеті қазақстандықтардың әл-ауқатына әсер етпейтін жобалардың қысқартылуы есебінен барынша үнемделеді. Ал зенйнетақы мөлшері, бюджет қызметкерлерінің жалақылары, шәкіртақы мен әлеуметтік өтемақылар қысқартылмай сол қалпында қалады»,-деді төрайым.

Оның сөзінше, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгеріп, «шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға» айналған мемлекеттік мекеме еңбеккерлеріне 1 айдан аспайтын мерзімге ақылы еңбек демалысы беріледі және оған денсаулығын түзеу үшін айлық жалақысы көлемінде өтемақы төленіп, ең төменгі айлық жалақы мен қосымша жалақының көлемі бекітіледі. Бұл ретте ең төменгі жалақы көлемі азаматтық қызметкерлердің ең төменгі жалақыларынан төмен болмауы керек. «Осы өзгерістерді соңы қалай болады екен деп әсіресе медицина саласының қызметкерлері алаңдап күтіп отырды. Өйткені медицинасы саласының облыстық деңгейдегі көптеген мекемелері шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын болып құрылды. Медицина қызметкерлері бұл жағдайды Елбасымыздың бізге деген қамқорлығы, яғни ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы әлеуметтік рөлінің төмендеп кетпеуіне деген ынта-ықыласының арқасы деп түсінеді»,-деді Л.Жазықова.          

Барлық жаңалықтар