Павлодарда 44 отбасы пәтер кілттеріне ие болды

17 Ақпан, 2015 18:39
Павлодарда 44 отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша пәтерге ие болды.

Аймақтың әкімдігі хабарлағандай, берілген жаңа тұрғын үйде барлығы 72 пәтер бар. Оның ішінде бір бөлмелі - 36 пәтер, екі бөлмелі – 18 пәтер, үш бөлмелі – 18 пәтер. Тұрғын үйдің жалпы ауданы - 4180 шаршы метр. Үй құрылысын «Құрылыс БҚБ» ЖШС жүргізді.

Елдің бірлігі мен берекесінің символы ретінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазан» болып белгіленгені белгілі. Республикалық эстафетаның бас белгісі - «Тайқазан» еліміздің барлық өңірлеріне бекітілген маршрут бойынша жеткізіліп, іші «ізгі істерге» толып, Астана қаласына қайта оралады.

Пәтер алған жастарды қоныс тойымен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады. Биыл Димитров, Толстой, Гагарин–Ворушин көшелері бойындағы және Алюминистрой шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйлер құрылысын аяқтау жоспарланды, деді облыс әкімі.   

«Алдағы жылдары біз Сарыарқа және Достық жаңа шағын аудандарын салуға кірісеміз. Бұл жаңа шағын ауданда тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер болады. Аталған нысандарға қажетті жылу, сумен қамтамасыз ету жүйесі, кәріз және электр қуаты ескеріледі», - деді облыс әкімі.

Ассамблеяның 20 жылдық мерекесіне орай Павлодар қаласында жаңа 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

Барлық жаңалықтар