- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Низамутдинов: «Нұрлы жол» - инвестиция тарту үшін тиімді құрал
Р.Низамутдинов: «Нұрлы жол» - инвестиция тарту үшін тиімді құрал

Оның айтуынша, Ақтөбе облысының инвестициялық тартымды аймақ деп есептелуіне толық негіз бар. Мысалы, 2014 жылы аймақ экономикасына 525,6 миллиард теңге тартылды.
Облыстың Индустрияландыру картасына жалпы құны 691,1 миллиард теңге болатын 83 инвестициялық жоба енгізілді және құрылыс барысында 10,7 мың жұмыс орны, пайдаланылуға берілгеннен кейін 11,8 мың жұмыс орны ашылды.
Р.Низамутдинов атап өткендей, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылған 5 жылда жалпы құны 547 миллиард теңге болатын 74 нысан пайдаланылуға берілді. Олардың ішінде 2014 жылы 7 жоба іске қосылды. Айта кетерлік жайт, олар көбіне қайта өңдеу саласына тиеслі және жалпы құны 220,5 миллиард теңге. Жаңа инвестициялық жобаларға өндірістік кәсіпорындарда салымдардың барлығы 15 пайызды немесе 181,8 миллиард теңгені құрады.
«Облысымызда жалпы сомасы 15,5 миллиард теңге болатын және 720 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін 12 инвестициялық жоба жүзеге асыру көзделуде. Бұл мақсатта өткен жылдан бастап Ақтөбенің индустриалды аймағына сыртқы инфрақұрылымдарды тарту жұмыстары жүргізілуде», - деп ағынан жарылды Р. Низамутдинов.
Ағымадғы жылы ішкі инфрақұрылым құрылысы басталады. Индустриалды аймақтың саласы анықталған. Ол экономиканың химия, мұнай газ, құрылыс, көлік салалары. «Жалпы оның аумағында 15 ке жуық өндірістік және көлік логистикалық нысандарды орнату жоспарлануда. Индустриалды аймақтың алғашқы резиденттерімен келісім жасалған», - деді ол.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы

