• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихтың алтын өрнегі» бірегей көрмесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихтың алтын өрнегі» бірегей көрмесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

17 Ақпан, 2015 16:05
ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарихтың алтын өрнегі» бірегей көрмесі өтуде.

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашыл жастардың XV Республикалық «Жігер» фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің жұмыстары қойылды.

 

А.Әбдубаит шығармашылығы – бірегей. Ол тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіріп, қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.

«Зерлеу» – алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл – ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. 

ХVIII-XIX ғасырлардағы белгілі қазақ зергерлерінің (кестелі алтынмен тігілген заттар («зер») тек қана ақсүйек адамдарға дайындалған: хандар, билер, сұлтандар үшін) технологиясын қалпына келтіру ұзақ, ықтиятты еңбектің нәтижесі болды.

 

Әдеттегідей, археологиялық қазба жұмыстары барысында ерте дүниедегі шеберлердің құпияларын сақтап, сырын ашпаған сәнді киім-кешектердің аздаған ғана фрагменттері табылады. Қазақтың тұрмысы мен дәстүрлі киім-кешектерін этнографиялық және тарихи тұрғыда зерттеу А. Әбдубаитқа тарихи артефактілердің біртұтас қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Олардың қатарында: хан киімдерінің жинағы, Жәнгір ханның әскери мундирі, Фатима ханшайымның бешпенті және қазақ ақсүектерінің күнделікті қолданудағы қайта жаңғыртылған заттар жоғары деңгейдегі көркемдік орындалуымен қатар күмәнсіз ғылыми мағынаға ие.

Көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің көне дәстүрлері мен тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған.

Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар