- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері 20-ға дейін кеңейтілетін болады - А.Соловьева
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері 20-ға дейін кеңейтілетін болады - А.Соловьева
«Шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері кеңейтіліп, 20-ға дейін жеткізіледі. Олардың 12-і қаржылық болса, 8-і қаржылық емес. Шағын және орта бизнесті қолдаудың тетіктерінің қатарына бизнесті несиелендірумен айналысатын екінші деңгейлі банктерді жатқызуға болады. Яғни қолдаудың негізгі құралы кепілдік беру, субсидиялау және бизнес-консультациялар болады», -деді А.Соловьева.
Осы ретте ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан «Қазіргі экономикалық ахуалды назарға ала отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа дағдарасықа қарсы шаралармен толықтыру арқылы қолдау шараларының санын арттыру керек», - деген сөздерін мысалға келтіре отырып, «Үкімет енді жедел, шұғыл шараларды дер кезінде қолдану үшін 250 миллиард теңге көлемінде қосымша қор құру керек»,-деп атап көрсетті.
Баршаға мәлім, 2015-2017 жылдарға «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қордан 500 миллиард теңге бөлінген болатын. Оның 180 миллиард теңгесі биылғы жылы жұмсалатын болады. «2011 жылға бөлінген несиелер көлемі 677 миллион, 2012 жылы 5 миллиард, 2014 жылы 23 миллиард, 2015 жылдың 1- ақпанына 38,9 миллиард теңгені құрады. Ал жұмыс күштерін сақтау жиілігі 2011 жылы 13,2 мың адам болса, 2014 жылдың 1-ші қаңтарына ол 172,7 мыңға жетті»,-деді депутат.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады