- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда айналымы 128,4 млн долларды құрады
2014 жылы Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда айналымы 128,4 млн долларды құрады
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, еліміздің инвестициялық әлеуетімен Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің дипломаттары таныстырды. Тай іскер топтары Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктері мен еліміздің инвестициялық әлеуетімен таныс болды. Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы шеңберіндегі даму келешегіне аса назар аударылды.
«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесін іске асыру мәнмәтінінде «жасыл» энергетика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы қазақстандық-тай ынтымақтастығының жоғары әлеуеті атап өтілді. Қазақстандық дипломаттар тай кәсіпкерлерін бизнестерінің географиясын кеңейтуге және Қазақстандағы жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.
Қазақстан мен Таиланд арасындағы 2014 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы сауда айналымы 128,4 млн. долларды құрады. Сауда айналымының арту тенденциясы байқалуда: 2010 ж. - 86,1 млн., 2011 ж. – 103,3 млн., 2012 ж. – 142 млн., 2013 ж. – 163,2 млн. АҚШ доллары.
2014 жылғы 30 қыркүйек бойынша ҚР-ға құйылған тай инвестицияларының көлемі 3,9 млн. АҚШ долларын құраса, ал Қазақстан тай экономикасына 11 млн. АҚШ доллар құйған.
Таиланд Қазақстанмен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Таиландтың Инвестициялар жөніндегі агенттігі Бас хатшысының орынбасары Чокеди Каеусанг (Chokedee Kaewsang) өзінің сөзінде жаңа дамушы нарықтардағы үлкен инвестициялық мүмкіндіктерді атап өтті. «Таиландтың Инвестициялар жөніндегі агенттігі тай инвестициялары үшін жаңа басым бағыттарды анықтады. Қазақстан аталған тізімде Орталық Азиядағы жетекші орынға ие».
Мемлекеттік органдар, бизнес, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда жетекші тай компаниялары, сауда палаталары және ассоциациялар басшылары тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.
«Sara Group» компаниясының кеңесшісі Крисада Порнпрапа (Krisada Phornprapa) тай компаниялары Қазақстанды бизнес жүргізу үшін болашаға зор аймақ ретінде қарастырады деп мәлімдеді. Мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі, Қазақстан үкіметінің инвестициялық климатты одан әрі жетілдіру бойынша шаралары, үдемелі индустриялды бағдарламаны іске асыру, сонымен қатар елдегі оң өзгерістер тай инвесторларының қызығышылығын тудырып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция