• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметінде Қазақстанда азық-түлік өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспар талқыланды

ҚР Үкіметінде Қазақстанда азық-түлік өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспар талқыланды

17 Ақпан, 2015 10:21
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кеңес өткізді. Онда 2014-2015 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және азық-түлік өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспарды Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке ала отырып жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазАгро» ҰБХ, «Даму» қорының, «ҚДБ» АҚ басшылары қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.

Талқылау қортындысымен Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы мен инвестиция және даму министрліктеріне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы басымдықты жобалардың картасын пысықтап, қалыптастыруды тапсырды. 

Еске сала кетейік, 2015 жылы 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдік экономикадағы қазіргі нақты жағдайды есепке ала отырып, басты бағыт ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және азық-түлік өнеркәсібін дамыту екенін атап өтті. Осы орайда Үкіметке 2013-2014 жылдары басталған АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Барлық жаңалықтар