2014 жылы ШҚО-да бөлшек сауда айналымы 563,8 млрд теңгені құрады

17 Ақпан, 2015 12:06
ШҚО-да бөлшек сауда айналымы 563,8 млрд.теңгені құрап, 16,3%-ға өсті.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, сыртқы сауда айналымы 3,3 млрд. АҚШ долларын, сауда  теңгерімі сальдосы  оңды болып, 1 млрд. АШҚ долларын құрады. Негізгі сауда әріптестері - Ресей Федерациясы, Беларусь, Қытай Халық Республикасы, Түркия.

Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша тұтыну бағасының индексі 107,4% құрады, бұл ортареспубликалық көрсеткіш  деңгейінде.

620  ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, сомасы 2,2 млрд.теңгеге азық-түлік өнімдері сатылды.

Облыстың тұрақтандыру қоры тіркелгенн баға бойынша бөлшек бағамен сату үшін 11,5 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, 65 тонна күріш,   64 тонна қант сатып алды.

Өңірлерде уақытша тұрақтандыру қорлары ашылды. Жеміс-көкөніс өнімдері, күріш, қант, өсімдік майы, ұн, жарманы сақтауға  келісім жасалды.

Мемлекеттік бюджетке 196,6 млрд. теңге салықтар мен түсімдер түсіп, өсу қарқыны 107,1%-ды құрады. Облыстық бюджетке 77 млрд.теңге түсіп, өсім -9,8%-ды құрады.

 

Барлық жаңалықтар