Астанада жас кәсіпкерлерге арналған бірыңғай кеңес беру күні өтеді

17 Ақпан, 2015 11:52
ҚР Қаржы министрлігі Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасын ансихаттау мақсатында жас кәсіпкерлерге арналған бірыңғай кеңес беру күнін өткізеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті салық заңдылығын насихаттау мақсатында өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге бірыңғай кеңес беру күні республикалық акциясын жоспарлады, деп хабарлады Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті.

Қазақстан Республикасының салық заңдылығын насихаттау салық төлеушілерді салық төлемдеріне қатысты мәліметтермен және салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыру болып табылады.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Бірыңғай кеңес беру күні 2015 жылдың 26 ақпанынан басталады.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің аудандық басқарма қызметкерлері әрбір кеңес алушыға келесі тақырыптар бойынша кеңес береді:

-Жеке кәсіпкерлерді тіркеу;

-Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтату;

-Арнайы салық тәртіптерін қолдану

-Бақылау-кассалық машиналар мен  POS- терминалдарды қолдану

-Салық есебін жүргізу үлгісін толтыру мен ұсыну тәртібі

-Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау

-Жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру.  

Барлық жаңалықтар