- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының құтқарушылары ҰОС ардагерлерін құттықтады
Жамбыл облысының құтқарушылары ҰОС ардагерлерін құттықтады
«Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір сүруде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Бүкіл жер-жаһанды дүрліктірген Екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстың да аяқталғанына, міне, санаулы айлардан соң 70 - жыл толады. Сол бір қаһарлы жылдардың куәгерлері-ардагерлер қатары да тым сиреп барады», - деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖК.
Осынау айтулы күнге орай ауданымызда ауқымды іс-шаралар белең алуда. Сондай-ақ, мекеме және кәсіпорын ұжымдары қазыналы қарттарымыздың отбастарына барып, хал-ақуалдарынан хабар алса, мектеп оқушылары қолдарынан келгенше көмек беруде.
11 ақпанда Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Б.Қалықов, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры М.Мамбетов сый-сияпаттарымен ардагерлердің отбастарына ат басын тіреді.
Алдымен Жайылма ауылындағы Адамбай Баймаханов қарияның үйіне барып сыйлықтарын табыс етіп, халыққа қызмет көрсетудің ерен үлгісін майданда да, еңбекте де көрсете білген қарияларды биылғы атап өтілетін Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Мұнан соң Саудакент ауылындағы Сембек Егешов, Жаңатас қаласындағы Кемелбек Шаменов, Жайылма ауылындағы Қалқаман Қасымбеков сияқты ардагер жауынгерлерден хабар алып, сый-сияпаттарын тарту етті.
От пен оқтың арасынан аман оралған қарт майдангерлер жауынгер ботқасынан дәм татып, фашисттерге қарсы жорыққа аттанған сәттерінен естеліктер айтып және елімізге бейбіт өмір, ашық аспан тілеп, осындай айтулы мерекенің қарсаңында елеп-есереп жатқан кейінгі ұрпаққа алғыстарын жеткізді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері