• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тоқжайлау политехникалық колледжі үшін жатақхана мен шеберханалар кешені салынды- әкімдік

Тоқжайлау политехникалық колледжі үшін жатақхана мен шеберханалар кешені салынды- әкімдік

17 Ақпан, 2015 11:21
Алакөл ауданына қарасты Тоқжайлау ауылында 50 орынға арналған жатақхана мен Тоқжайлау политехникалық колледжіне қарасты 48 орындық шеберханалар кешені пайдалануға берілді.

Жаңа жатақханада кең де жарық бөлмелер, асхана, кір жуу бөлмесі сияқты барлық қажетті жағдайлар жасалған, делінген әкімдік өкілдері таратқан мәліметтерде.

 «Колледж тәлімгерлерін оқытып,, қажетті құрылғылармен жұмыс істеуге үйретіп, олардың кәсіптерін толық меңгерулеріне жағдай жасау мақсатында шеберханалардың цехтары ең соңғы деген үлгідегі құрылғылармен жабдықталған»,-дейді әкімдік өкілдері. 

 Осы ретте аталмыш колледж үшін 4 гектар аймақта жатақхана мен шеберханалардан бөлек заманауй стадион салынатындығын айта кету керек. Стадионның құрылысы биылғы жылдың көктем мезгілінде аяқталады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 530 миллион теңгені құрап отыр.

Барлық жаңалықтар