- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан «Өзбекстан-Түрікменстан-Иран-Оман» халықаралық транзиттік- көліктік дәлізіне қосылды
Қазақстан «Өзбекстан-Түрікменстан-Иран-Оман» халықаралық транзиттік- көліктік дәлізіне қосылды
Отырысқа Қазақстан делегациясын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті басқарып барды. Отырыста сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс ірі халықаралық көлік дәліздерінің өтетіндігін баяндады, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.
Еліміздің географиялық қолайлы орналасуы мен Еуразиялық құрлықтағы мүмкіндігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше бақылауында тұр. Себебі, Қазақстанның стратегиялық даму бастамашылығында көліктік логистикалық хабқа айналдыру мен транзиттік әлеуетін арттыра түсудің маңызы зор. Қазақстан ғаламдық еуразиялық көлік жүйесін дамытуға мол үлес қосып келеді.
Қытай экономикасының дамуына орай жүк ағындарын Орта Азия, Иран және Парсы шығанағы елдеріне бағыттау бұрынғы дәстүрлі теңіз жолынан құрғақ жер арқылы трансқұрлықтық бағдардың қолайлы екендігі байқалып отыр.
Асқар Мамин өз сөзінде Қазақстанның Ашхабад Келісіміне қатысушы елдермен қослып қосымша жүк ағындарын тарту әлеуетінің молдығын атап өтті.
Ашхабад Келісіміне қатысшы елдердің арасындағы темір жол көлігі арқылы 2014 жылғы жүк айналымы 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 миллион тоннаға артып, 10% өскен. Барлығы 25 миллион тонна жүкті құраған. Оның 41 пайызын осы елдерге Қазақстан аумағы арқылы өткен транзиттік экспорттық жүктер құрады.
2020 жылдары Ашхабал Келісіміне қатысушы елдер мен Қазақстан арқылы өтетін жүктер жылына 40 миллион тоннаға жеткізілуі мүмкін.
Қазақстандық делегация басшысы Қазақстанның «Ашхабад Келісіміне» қатысушы елдер Иран, Оман Сұлтанаты, Түрікменстан, Өзбекстан елдерімен бірлескен түрде халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді бірлесіп пайдаланудан көп үміт күтіп отырғандығын жасырмады.
Ашхабад Келісіміне қатысушы «Өзбекстан –Түрікменстан- Иран-Оман» елдерінің өкілдері Қазақстанның қатысуымен халықаралық транзиттік көліктік дәлізді одан әрі дамытуға қосылуын құптады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді