• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Мәдени саясат тұжырымдамасы аясындағы 90 іс-шара биылғы жылы өтеді

Қазақстанның Мәдени саясат тұжырымдамасы аясындағы 90 іс-шара биылғы жылы өтеді

17 Ақпан, 2015 12:21
Биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігі Үкімет бекіткен Қазақстанның ұзақмерзімді Мәдени саясат тұжырымдамасының аясында 90 іс-шараны биылғы жылы өткізуді көздеп отыр.

Министрлік өкілдері хабарлағанындай, еліміздің Мәдени саясат тұжырымдамасының аясындағы жоспарға барлығы 148 іс-шара енгізілген.  Аталған шаралардың басым бөлігі бәсекеге қабілетті мәдени орта қалыптастыру мен оған мүмкіндік жасауға, ұлттың мәдени коды мен мәдени кластерлерді қалыптастыру, еліміздің мәдениет саласының даму көрсеткіштерін бағалау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу мәселелерін қарастырады.

 «Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол» атты Жолдауында 2015 жылды ұлттық тарихқа тағзым ету және еліміздің осы уақытқа дейінгі қол жеткізген биіктерін бағалайтын жыл деп атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, Елбасы Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын, Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамлблеясының 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту сияқты шаралардың өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде маңызының зор екендігін айтты»,-делінген министрлік мәліметтерінде.

  Бұған қоса министрлік өкілдерінің мәлемдеулерінше, Қазақ хандығының құрылу тарихын қалың көпшілікке жан-жақты насихаттау елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді сақтап, қазақстандық патриотизмді нығайтуджың бірден бір жолы. Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын атап өту аясындағы іс-шаралар да осындай мақсаттан туындап отыр. Бүгінгі таңда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жұмыстары аясында 103 шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Бұл бағыттағы жоспар тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтап, оларды қайта жаңғырту, алдын ала дайындық және ұйымдастыру, ғылыми-талдау жұмыстары мен шет мемлекеттерде мәдени, қоғамдық-саяси оқиғалар мен ақпараттық-ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру істерін қарастырады.  Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан жергілікті жерлерде 700-ге жуық іс-шара ұйымдастыру көзделген.   

Барлық жаңалықтар