- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың басынан бастап әскери десантшылар 300-ге жуық секіру орындады
2015 жылдың басынан бастап әскери десантшылар 300-ге жуық секіру орындады
Оның 20-сы түнгі уақытта орындалған болатын. Десантшыларға арналған парашютпен секіру бағдарламасы бригада бөлімшелері мен мамандықтарына байланысты. Суға секіру алдында жеке құрам киім-кешекпен және штатты қару-жарақпен жүзу бойынша нормативтер тапсырады.
Қысқы мезгілде парашютпен секірген кезде десантшылар 4-сериялы Д-6 және «Бүркіт-2» арнайы мақсаттағы парашюттік жүйесін пайдаланады. Парашютпен секіру АН-12, АН-2, С-295 ұшақтары мен Ми-17 тікұшағы сияқты көліктік авиация әскери көліктерінен орындалады. Ан-12 әскери-көліктік ұшағына 60-қа жуық әскери қызметші сыяды, ал Ан-2 ұшағына 10 десантшы, Ми-17 тікұшағына 16 десантшы бірден сыятындығын айта кеткен жөн. 2015 жылдың басында десанттық-шабуыл батальондары мен арнайы бөлімшелерге ерекше көңіл бөлінді. Арнайы бөлімшелер жаңа үлгідегі парашюттік жүйені қолданып секіреді.
Аталмыш жүйенің ерекшелігі – парашюттің қауіпсіз ашылуы, жерге қонуы, ауада парашютті меңгерудің қарапайымдалығы, жерге қону пунктінен алыс қашықтықта және шағын алаңға қону мүмкіндігін береді. Парашютпен секірер алдында жеке құрам арнайы психологиялық тестілеуден өтеді. Бөлім психологы әрбір әскери қызметшімен жеке сұхбат өткізеді.
Парашютпен секіруден бас тартатын десантшылар жоқ. Бөлімшелер арасында жақсы көрсеткіштер әуе-десант қызметінің капитаны Жігер Аипов, майор Ерлан Өтемісов, майор Әбдіхалық Мәліков, аға лейтенант Руслан Шазалиев көрсетті. Нұсқаушылар әрбір десантшыға парашют жүйесінің жұмыс істеу принципін түсіндіріп, жеке құрамды парашютпен секіруге дайындайды, бригада командирінің әуе-десант даярлығы жөніндегі орынбасары подполковник Бекежан Макаев басшылығымен парашютпен секіреді.
Әскери қызметшілер қысқы уақытта 4-сериялы Д-6 парашют жүйесі мен «Бүркіт-2» жүйесін пайдаланып секірулер орындағандарын айта кеткен жөн. 2014 жылы парашютпен секіру бағдарламасы 100%-ға орындалды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде