«Astana Solar» 2015 жылы 170 мың күн батарейін дайындауды жоспарлауда (Фото)

17 Ақпан, 2015 11:05
2015 жылы «Astana Solar» ЖШС 170 000 дана күн батарейін дайындайды, оның қуаттылығы 40 МВт болмақ, деп Strategy2050.kz АА «Astana Solar» хабарлады.

2012 жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен елдегі тұңғыш фотоэлектрлі модуль өндіретін «Astana Solar» зауыты ашылды.

Зауыттың құрылысы «ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» мен «Индустрияландыру картасы» бағдарламаларының бөлігі болып есептеледі. 

Кәсіпкерлік екі түрлі фотоэлектрлі модуль шығарады, күн электр станциясының қуаттылығы да әртүрлі деңгейде.

«Astana Solar» хабарлағандай, 2015 жылы кәсіпкерлік 170 000 дана күн батарейін өндіруді жоспарлап отыр, оның қуаттылығы – 40 МВт.

Зауыт еуропалық автоматтандырылған қондырғымен жабдықталған, жылына дайын 50 МВт-тық фотоэлектр модулін дайындауға мүмкіндік береді. Ол кеңейтілген ауқымдағы 100 МВт қуаттылықта 217 000 фотоэлектр модулін құрайды. 

 

Зауытта әр түрлі саладағы 200 қазақстандық маман жұмыс істейді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар