• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д. Назарбаева: Президенттік сайлау өткізу еліміз бен халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды шешім

Д. Назарбаева: Президенттік сайлау өткізу еліміз бен халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды шешім

17 Ақпан, 2015 08:49
Мәжілісте ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы фракциясының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдауға арналған жиналысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ал бүгін,  партия басшылығы мен Саяси Кеңес бюросы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдау жайында үндеу жариялады. 

«Нұр Отан» партиясының  фракциясы партияның негізгі ресурсы ретінде, қазақстандықтарды, қоғамдық ұйымдарды, жастарды осы бастаманы қолдауға шақырады.  Президенттік сайлау өткізу еліміз бен халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім. Бұл Қазақстанның жарқын болашағы мен гүлденуі жолында  қазақстандықтардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру болып табылады. Бүгінгі күні  барлық азаматтарды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айналасына топтастыра отырып, бірлік, келісім және тұрақтылықты бұрынғыдан да нығайту, мемлекеттің іргесін бекіте түсу айрықша маңызды. Бұл ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» Стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыра отырып, бұрынғыдан да қуатты, айбынды, бірлігі бекем ел болуымыздың тарихи мүмкіндігі", - деді ол.

Жиналыс барысында, президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдап «Нұр Отан» партияның Саяси кеңесінің мүшесі Қ.Сұлтанов, фракция мүшелері В.Рогалев, О.Асанғазы, «Халық Қаһарманы» Б.Ертаев сөз сөйледі.

Жиналысқа Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутаттар да  қатысты.Жиналыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Барлық жаңалықтар