2015 жылы бөлшек сауда көлемі 4,7 пайызға өсті

17 Ақпан, 2015 09:34
2015 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,7%-ға жоғарылап 446,3 млрд. теңгені құрады.

2015 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 251,1 млрд. теңгені құрады немесе нақты мәні 3,4%-ға артық, деп хабарлады Статистика комитеті.

2015 жылғы қаңтарда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 6,3%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 43,7%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 66%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, азық-түлік тауарлар - 1%-ға ұлғайды.

2015 жылғы 1 ақпанға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 296,2 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері - 62 күн.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаңтарда республикада Алматы қаласы (31,7%), Астана қаласы (10,3%) және Қарағанды облысы (9,8%) құрады.

Барлық жаңалықтар