- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада күн электр станциясының құрылысы 2016 жылы басталады
Қызылордада күн электр станциясының құрылысы 2016 жылы басталады
Бұл табиғи факторлардың көмегімен энергияның балама көзін пайдалана отырып, «Жасыл экономика» түзуге бетбұрыс жасайтын бірегей жоба болмақ. Облыстың энергияға қажеттілігі 54 МВт құрайды, егер бұл станция іске қосылса облысты толық энергиямен қамтитын болады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев баламалы энергетика саласында жұмыс істейтін бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесіп, күн электр станциясы құрылысын бастау рәсіміне қатысты.
«Мемлекет басшысы жел, күн электр энергиясы инновациялық экономиканы дамытудың аса маңызды катализаторына айналуы қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сондықтан біз облысымызды таза, энергияны тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» қалаға айналдыруға тиіспіз», -деді аймақ басшысы.
Электр қуатын экологиялық табиғи әрі таза жолмен алатын станцияның құрылысын «Bas energy» ЖШС мердігер мекемесі бастамақ. 2016 жылға қарай құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Айта кетейік, жобаға салынатын инвестиция көлемі 65 млн еуроны құрайды. Құрылыс барысында 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары