- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Норвегия ғалымдарымен бірлесіп «Қорған ДНК» жобасы жүзеге асырылады
Қазақстанда Норвегия ғалымдарымен бірлесіп «Қорған ДНК» жобасы жүзеге асырылады
Іс-сапар кезінде норвегиялық делегация Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен және Қостанайдың, Павлодардың, Қарағандының мемлекеттік университеттерінің өкілдерімен кездесу өткізеді.
ҚР СІМ хабарлағандай, жобаға қатысушылар алдында айтарлықтай міндет тұр – біздің протоүндіеуропалық тамырымыздың ортақтығын дәлелдеу. Ғалымдар Қазақстанда қорған-қорымдардан ДНК-материалдарын жинаумен айналысатын болады. Олардың нәтижесін әлемге әйгілі Копенгаген университетінің генетикалық лабораториясында талдайды.
Норвегиялық мамандар, қазіргі технология, саяхатшы және ғалым Тур Хейердалдың (Thor Heyerdahl), викингтердің арғы аталары Каспийден тарады деген болжамын дәлелдейді деген сенімде. Норвегиялық делегацияның құрамында Қазақстанға келген оның қызы Беттина Хейердал(Bettina Heyerdahl): «Бұл менің әкемнің соңғы экспедициясының басты міндеті болды. Лингвистикалық параллелдерге сүйене отырып, викингтердің арғы атасы, олардың құдайы ретінде саналатын Одиннің отаны осы аймақта екендігіне ол қатты сенді» - дейді.
«Шамамен мың жыл бұрын біздің арғы аталарымыздың Орталық Азия және оңтүстік Ресей аймағында бір отаны болды. Қазіргі ғылымның жетістіктері арқасында, біз қазір өзіміздің ортақ үйімізді ашуға өте жақынбыз» - деп тұжырымдайды норвегиялық тарихшы Стурла Эллингваг(Sturla Ellingvåg).
Жобаға қатысушылар, Қазақстан және Норвегия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, біздің тарихи ата бабаларымыздың және қазіргі ұрпақтардың ортақтығын дәлелдеуге мүмкіндік береді деген сенімде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда