- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов: Алматы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге таптырмас жер
Е.Ыдырысов: Алматы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге таптырмас жер
ҚР СІМ басшысы Қазақстан қысқы олимпиада ойындарын өткізуге өз кандидатурасын ұсынып, аталмыш конкурсқа қатысқанын мақтан тұтады деп атап өтті. «Біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш ету мүмкіндігіне қуаныштымыз», - деді ол.
Е.Ыдырысов атап өткендей, Алматы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге таптырмас жер болып табылады. «Алматының ең басты артықшылығы, ол оның географиялық орналасуы. Батыс және шығыс өркениеттерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Алматы – Ұлы Жібек Жолының қазынасы, маңызды бөлігі болған»,- деп ерекше айтып өтті.
Министр хабарлағандай, Олимпиада ойындары өткізілетін орын ретінде Алматы таңдалған жағдайда, қамтитын территория бойынша алматылық олимпиада соңғы үш онжылдықта ең ықшамды болады. «Бұл жерде қажет инфрақұрылымның көп бөлігі дайын. 14 қажет объектілердің 8-і салынып, пайдалануға берілген, тағы үшеуі 2017 жылғы Универсиадаға орай салынатын болады. Тағы қосымша 3 объект салу қажет. Осылайша, Алматыдағы олимпиада соңғы онжылдықтарда ең аз шығынды болуы мүмкін. Бұл, сонымен қатар, қала үшін және жалпы Қазақстан үшін мол инвестициялар тартады», - деді Ыдырысов.
«Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу барлық қазақстандықтар және болашақ ұрпағымыз үшін мақтан тұтарлық оқиғаға айналады. Бұл еліміздегі спорттың қыстық түрлерінің дамуына зор екпін береді. Бұл, сонымен қатар, кеңестік тарихы бар, 30 ең дамыған елдер қатарына кіруді көздеген еліміздің жетістіктерін, экономикалық және саяси табыстарын дүние жүзіне көрсету мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті ол.
Сыртқы саяси мекеме басшысының сөзіне қарағанда, олимпиадаға орай салынатын объектілер одан әрі халыққа қызмет етеді, ал бұл болса, Халықаралық олимпиада комитетінің төрт жылда бір рет болатын спорт жарыстарының өткізу орнын таңдауына әсер ететін маңызды белгі.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы