- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорған қаласының әскерилері Даңқ орденінің кавалері Кұрмантай Бақбергеновпен кездесті (ФОТО)
Талдықорған қаласының әскерилері Даңқ орденінің кавалері Кұрмантай Бақбергеновпен кездесті (ФОТО)
«Біз соғыс ардагерімен кездесу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Сіздер біз үшін азаматтылықтың, ержүректіліктің, батырлықтың жарқын бейнесісіздер. Сіздердің ерліктеріңіз аса құнды», - деп атап өтті тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері аға лейтенант Жанат Сембаев.
Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмантай Бақбергенов Семей облысы Шұбартау ауданындағы туған ауылы Емелтаудан 1942 жылы ақпанда соғысқа аттанады. 19-шы ерекше барлаушылар жасағында дайындықтан өтіп, Польша, Венгрия, Австрия, Молдава мемлекеттері мен Ленинград қаласын азат етуге қатысқан. Көрсеткен ерлігі үшін бірнеше мәрте ордендермен және медальдармен марапатталған, оның ішінде І және ІІ дәжередегі Даңқ өрдендері бар.
Соғыс аяқталған соң ол туған өлкесіне қайтып келіп, педагогикалық институтқа оқуға түседі. Содан соң 25 жыл бойы Аягоз бен Таскескен мектептерінде ұстаздық етеді.
Бүгінде ол өзінің демалыста болғанынан қарамастан, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде аянбай тер төгіп келеді. Тіпті, толарсақтан қан кешкен жылдардағы аталарымыздың ерлігі бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі болсын деп Құрмантай Бақбергенов «Өмір күреске толы» кітабын жазып шығарған.
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі -
Түркістан қаласының келбеті қалай өзгереді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Талдықорғанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді -
Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің даңқты дәуірі -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)