- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: Негізгі мақсат – тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту
Ә. Жақсыбеков: Негізгі мақсат – тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту
Қала әкімдігі хабарлағандай, жиын басында Ә. Жақсыбеков елорданың қарқынды дамуы үшін мемлекет басшысының қойған талаптары мен тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын атап өтті.
«Алдымызда тұрған басты талап – ол елорданың экономикалық өсімін сақтап қалу және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту. Сондықтан бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану және мемлекеттік органдардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін бюджетті оңтайландыру бойынша тез арада ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл арада жұмыс істеп жатқан жобаларды игеру ісіне басымдылық берілуі керек, - деді қала әкімі.
Қалалық басқармалардың жұмыс деңгейін айта келе Ә. Жақсыбеков елорданың көлік логистикасындағы жүйелі жұмыстардың жоқтығын, қала тұрғындарын ақпараттандыру ісінің сапасыздығын сынға алды. Мәселен қоғамдық көліктердегі жол ақысының қалай қалыптасатыны жайында мүлдем айтылмайтыны аталып өтті.
Су тасқынына қарсы шаралар мен қаланы қардан тазалау жұмыстары да сөз болды.
«Көктемгі су тасқынына қарсы шаралар белгіленген уақыт бойынша жүргізіліп жатқанына қарамастан, жеке сектор аумағынан қарды шығаруға бар күшті жұмсау керек, әсіресе, жылда су басу қаупі төнетін аудандардан. Аулаларды тазартуға көп көңіл бөлу қажет. Индустриалды парк пен ЖЭО-2 аумақтарында судың қауіпсіз еріп, ағуын қамтамасыз ету үшін Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арналарын тазалау керек», - деді елорда әкімі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды