- Басты
- Жаңалықтар
- Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның саяси тұрақтылығын нығайта түседі - В.Косарев
Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның саяси тұрақтылығын нығайта түседі - В.Косарев
«Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының өкілдері кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы толық қолдайды. Біздің барлығымызды күннен күнге үдеп келе жатқан әлемдік экономикалық дағдарыс алаңдатып отыр. Өйткені осы дағдарыстың салдарынан болатын барлық қиындықтар еңбекші халықтың мойнына түседі. Сондықтан бізге осы дағдарысты мүмкіндігінше біздің елімізде болмауына күш салу керек»,-деді В.Косарев.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының арқасында еліміз 90-шы жылдардың басындағы дағдарыстан, 1997-98- жылдардағы Азия дағдарысынан, 2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыстан жақсы тәжірибе жинақтады. «Осындай күрделі жағдайда бізге кезектен тыс сайлау өткізуді талқыға сала отырып, мемлекеттік аппарат пен заңшығарушы органдардың күшін қазіргі заманғы қауіптермен күреске бағыттау керек. Сайлау бүкілхалықтық шара, бір жағынан ол үлкен жауапкершілік»,-деді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Қазақстан азаматтарының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі ұсыныстарын қарады. Ал, бүгін «Нұр Отан» партиясы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы қолдады. Аталмыш бастаманы қолдау жөнінде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заң тұлғалар бірлестігінің өкілдері де ресми түрде мәлімдеме жасады.
Камила Амирова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр