- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазТрансГаз» АҚ ОҚО-да мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты
«ҚазТрансГаз» АҚ ОҚО-да мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты
Компания хабарлағандай, орталық қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақталған. Мұнда түрлі нысандар мен тұрғын үйді газдандыру үшін құжаттар беру қызметтерін қысқа мерзімдерде көрсететін қажетті ақпараттық жүйелер біріктірілген.
Ғимаратта консультанттар, құжаттау және тіркеу, құжаттар беру секторларымен қоса «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге арналған операциялық зал бар. ХҚО қызметкерлерінің жұмысы тұрақты бейнекамера бақылауында болады, олардан адамдардың бейнелері ситуациялық орталыққа келіп түседі.
Азаматтарға қолайлылық туғызу мақсатында ХҚО аумағында автотұрақ көзделген.
ХҚО-ның басты мақсаты – өз абоненттеріне «бір терезе» қағидаты бойынша сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары Орталыққа оларды мазалап жүрген кез келген сұрақ бойынша жүгіне алады. Атап айтқанда: газдандыруға арналған құжаттарды жинау және қабылдау, тұтынылған газ үшін ақы төлеуге арналған дербес шоттарын ашу, шарттар жасасу және т.б.
Статистикалық есептілік жүйесінде жинақталған ақпаратты талдай отырып әрі зерделей келе, мамандар халыққа қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және өзгерту жөнінде шешімдер қабылдау жылдамдығы артады деген сенімде.
Бүгінгі күні осы өңірде 270 мыңнан астам абонент, 660 өнеркәсіптік кәсіпорын және шамамен 6 мың коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын бар. Газ тарату құбырының ұзындығы 6,5 мың шақырымды құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы