2014 жылы табиғатты қорғау іс – шараларын іске асыруға 5 млн теңге бөлінді

16 Ақпан, 2015 18:52
Табиғатты қорғау іс – шараларын іске асыруға 2014 жылы 5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Өскемен, Зайсан және Риддер қалаларында тазарту құрылғылары мен кәріз желілерінің, Зырян ауданының Серебрянск қаласында қатты – тұрмыстық қалдықтар полигонының  құрылысы бойынша жұмыстар атқарылды.

Атмосфералық ауа сапасының жағдайын оперативті режимде қадағалауға мүмкіндік беретін өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған өңірлік жүйесі құрылған.

Облыс орталығының тұрғын белдеуінің аумағындағы үш радиоактивті ластану ошақтарын жою жұмыстары атқарылды.

Барлық жаңалықтар