• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашлығы өнімінің жалпы көлемі 294 млрд теңгені құрады

Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашлығы өнімінің жалпы көлемі 294 млрд теңгені құрады

16 Ақпан, 2015 18:37
ШҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2013 жылға 2,2% өсіммен 294 млрд. теңгені құрады.

Облыстың әкімдігі хабарлағандай, құны 9,3 млрд.теңгеге 154 инвестициялық жоба, соның ішінде «ҚазАгро»   АҚ-сы бойынша құны 6 млрд.теңгеге 68 жоба іске асырылды.Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау түрінде дамыту және қолдауға 12,2 млрд.теңге бағытталған.

Дәнді дақылдардың егіс алқаптары 27 мың гектарға немесе 4,8%-ға ұлғайды.

438 мың гектар жерге ылғалүнемдеуші  технология енгізілді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 18%-ға артық.

Суармалы жердің алқабы  5 мың гектарға кеңейтіліп, 90 мың гектарды құрады.

238,8 мың тонна ет (өсім 6,6%), 775,7 мың тонна сүт (өсім 2,4%), 154,4 млн.дана жұмыртқа (өсім 7,4%) өндірілді.

Облыс бойынша 2013 жылдың деңгейінен қарағанда ірі қара малы 2,3%-ға, жылқы 5,7%-ға, құстар-4,4%-ға қой мен ешкі 99%-ға артты.

Шеттен ет тұқымды 1696 мал басы, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ы есебінен -1026 мал басы сатып алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша  1 млрд.теңгеге 5,3 мың бас ірі қара малы сатып алынды. «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша -13 мың бас қой, 1,5 мың бас жылқы.

Қуаттылығы жылына 10 мың тонна сиыр етін өндіретін, 49 мың мал басқа арналған 285 бордақылау алаңы жұмыс істеуде, соның  9-ы 2014 жылы құрылған. 

 Бородулиха ауданында роботтандырылған тауарлы сүт фермасы қайта жаңартылды, Ұлан ауданында 3 тауарлы сүт фермасы салынды.

Облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарымен құны 6,1 млрд.теңгеге 810 бірлік ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. «Қазагроқаржы» АҚ-ы арқылы машина-трактор паркін жаңартуға инвестиция көлемі 34%-ға артты.

 

Барлық жаңалықтар