• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Азаматтық Альянсы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдап отыр

Қазақстанның Азаматтық Альянсы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдап отыр

16 Ақпан, 2015 15:41
Қазақстанның Азаматтық Альянсы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдап отыр, деп мәлімдеді «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов ОКҚ-да өткен брифингінде.

«Біз барлығымыз тұрақсыз сыртқы жағдайларға куә болып отырмыз. Біріншіден, әлемдік геосаяси дағдарыстың дамуы, екіншіден әлемдік экономиканың тұрақтылығы әлі де сақталып келеді. Шикізат көздеріне айтарлықтай баға төмендеп кетті. Көптеген елдердің экономикасы құлдырап барады. Сонымен қатар, бірқатар елдер де жұмыссыздық артуда», - деді өз сөзінде  Н.Ерімбетов.

Оның айтуынша, Қазақстанға әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде алдын алу шараларын қабылдау керек.

«Біздің есептеуімізше 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу дағдарысты алдын алу шараларымен үндестігін табады. Белгілі болғандай, келер жылы президенттік және парламенттік сайлау өткізудің уақыты бір мезгілде тұспа тұс келеді.  Бұл ретте президенттік сайлауды алдын ала өткізу уақыт бойынша арақашықтық орнатуға және қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл қадам  барлық атқарушы органдарға, халыққа алдымызда тұрған міндеттерді жүзеге асыруға, мүмкіндік береді», - деп есептейді  Ерімбетов.

«Жоғарыда көрсетілген фактілердің барлығын ескере отырып біз кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуді қолдаймыз. Біз еліміздің барлық қоғамдық бірлестіктері мен халқын бірігуге және аумалы төкпелі кезеңде бір болуға шақырамыз», - деп атап өтті ол.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бірқатар азаматтардың үндеуін қарастырды.

Сонымен қатар, бүгін «Нұр Отан» партиясы бұл бастаманы қолдайтының ресми түрде жеткізді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар