• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада кәсіптік техучилище жетекшілері техникалық және кәсіптік білім берудің мәселелерін талқылады

Астанада кәсіптік техучилище жетекшілері техникалық және кәсіптік білім берудің мәселелерін талқылады

3 Қазан, 2013 19:22
«Кәсіпқор» холдингі елордада кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға техникалық колледж жетекшілерімен Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық өкілдері қатысты»,- делінген хабарламада.

«Дөңгелек үстел барысында «Кәсіпқор» холдингінің әлемдік тәжірбиені енгізуіне қатысты бірқатар мәселелер мен колледждермен тығыз байланыс құру мәселесі талқыланды. Әр қатысушы өзінің қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алып, тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесу қонақтары мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы керек құралдарды сатып алу мәселесін ортаға салды. Және де білім беру бағдарламаларын құруға жұмыс берушілердің қатыспауы, материалдық-техникалық базаның ескіруі де шараның басты тақырыптарына айналды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, аталмыш мәселелерді шешу ұсыныстары ҚР БҒМ-не жұмыс құжаты ретінде тапсырылды.

 

Барлық жаңалықтар