- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында ҰОС ардагеріне дабыл нүктесі бар телефон табыс етілді
Ақмола облысында ҰОС ардагеріне дабыл нүктесі бар телефон табыс етілді
Анатолий Васильевич Комяков Ресейдің Костромск облысында туылған. Әскер қатарына 1943 жылы шақырылып, 3-ші Украина майданына жіберілген. Соғыс біткенше ол 244-ші дивизияның 325-ші барлаушылар ротасында қызмет еткен. «Маған біреу соғыс соншалықты қорқынышты емес десе ешқашан да сенбейтін едім. Ең қорқыныштысы алғаш рет шабуылға шығу. Майданда ұшқан әрбір оқ, әрбір снаряд тура сенің жаныңа келіп құлап жатқандай сезімде боласың.
Оның жөні де бар. Өйткені мен ол уақытта әлі өмірді танып, біліп үлгермеген жасым 18-ге де толмаған бозбала едім. Әрине уақыт өте келе қорқыныш бірте-бірте сейіле береді. Бірақ, мен алғашқы шабуыл кезінде-ақ ауыр жарақат алдым. Емделіп келген соң әскер қатарына барлаушы болдып қосылдым. Сөйтіп соғыстың соңына дейін барлаушы болдым»,-деп еске алады өмірін Анатолий Васильевич.
Оның айтуынша, ардагердің денесінен бірнеше операция арқылы 250 снаряд жарқыншақтары алынған. А.Васильевич 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Ол Венгрия, Австрия сияқты елдерде соғысып, жеңісті Румынияда қарсы алған. 1945 жылы ол елге оралып, ұста болып жұмыс істеген.
Өзінің туған ауылында жан-жарын кездестіріп, үйленіп, балалы-шағалы болған. 1968 жылы ардагер отбасымен бірге Жақсы ауданына қарасты Қайрақты ауылына көшіп келіп, бүнгінгі күнге дейін осында тұрып жатыр. Өзінің сүйікті ісі ұсталық жұмысқа 33 жыл өмірін арнаған. Ол зейнеткерлікке шыққан соң да ауылдағы көптеген жұмыстарға араласып жүрді. Себебі оның ұзақ жылдарғы тәжірибесі мен біліктілігі елге қашан да қажет.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады