Қазақстан және Румыния өңіраралық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда

16 Ақпан, 2015 17:36
Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі Румынияның Прахова өңірінің Сауда-экономикалық палатасымен бірлесіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығын болашақ дамуына арналған конференция өткізді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, іс-шарада мұнай-газ, мұнайхимия, жабдықтар шығару, өндірістік саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдар, қызмет көрсету мен логистикалық компаниялар, ақпараттық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп пен туризм салаларында қызмет жасайтын Румынияның өндірістік өңірінің ірі компаниялары мен мекемелерінің 50-ден астам өкілдері қатысты.

«Елші Дәулет Батырашев румын іскер топтар өкілдерін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, экономиканың басым секторлардағы жеңілдіктер мен ынталандыруларды, арнайы экономикалық аймақтармен, «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес индустриалды-инновациялық даму басымдықтарымен, Қазақстанның Жаңа экономикалық саясат – «Нұрлы Жол» басты баптарымен таныстырды», - делінген хабарламада.

Румынияның Сауда-экономикалық палатасының Вице-президенті, Прахова өңірінің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Аурелиан Гогулескумырзамен өңірлік деңгейдегі сауда-экономикалық дамуының жолдары, сондай-ақ өңірлік сауда-экономикалық палаталар шеңберіндегі ынтымақтастығы талқыланды. Прахова өңірінің румын кәсіпкерлері құрамдағы сауда-экономикалық миссиясының Қазақстанға ағымдағы жылы жіберу жөнінде қол жеткізілді.  

Қазақстан Елшісінің сапары барысында Прахова өңірінің Губернаторы Родика Парашив ханыммен кездесу барысында, өңіраралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Румын тарапы, өндірістік өңірлермен, атап айтқанда Атырау мен Прахова екі елдердің мұнай өндіруші аймақтар болатындығын ескере отырып, Атырау облысымен тығыз байланыс құруына қызығушылық танытты.

Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 15 шілдеде орнатылды. ҚР мен Румыния арасындағы сауда айналымы 2014 ж. қаңтар-қазан аралығында 2,76 млрд. АҚШ долл. құрады.

 

Барлық жаңалықтар