- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру халық алдындағы мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне әсер етпейді - Редкокашин
Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру халық алдындағы мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне әсер етпейді - Редкокашин
«Үкіметтің кеңейтілген отырсында ҚР Президенті Н.Назарбаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру мәселесіне ерекше назар аударды. Үкіметке 2015 жылы шығындарды 10%-ға оңтайландыру тапсырылған болатын. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру халық алдындағы мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне әсер етпейді, зейнетақы көлемі мен әлеуметтік жәрдемақылар арттырылатын болады. Ағымдағы жылдың қаңтар айының 1-нен бастап зейнетақы төлемдері 9%-ға көтерілді»,- деді В.Редкокашин.
Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік бағдарламалардың барлығы барынша отандық жеткізушілер мен тауар өндірушілерді тарту арқылы жүзеге асырылу керек, деп атап өткен болатын.
«Қолдау отандық тауар өндірушілерге көрсетіледі. Бәсекелестік біздің өндірушілерге шыңдалуға және лайықты орын алуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды ол.
Сенат депутаты атап өткендей, қалыптасқан жаңа жағдайлар «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруда жедел шаралар қабылдауды қажет етті.
«Жалпыға ортақ жаһандық мәселелер ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде. Барлық қазақстандықтар жұмылып бір жағадан бас , бір жеңнен қол шығаратын болса бүгінгі жаһандық мәселелерді оп оңай өткеретімізге сенімдімін»,- деп түйді Сенат депутаты
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары