• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 345 млрд теңгені құрады

ШҚО-да негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 345 млрд теңгені құрады

16 Ақпан, 2015 19:24
Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2013 жылдың деңгейінен 14,7%-қ өсіммен 345,5 млрд.теңгені құрады.

ШҚО әкімдігі хабарлағандай, бағалар есебінен инвестициялар көлемінің нақты өсуі 12,5 %-ды құрады. Облыстың бір тұрғынына шаққанда  күрделі жұмсалым 248 мың теңгеден келеді.

Инвестиция құрылымында кәсіпорынның меншікті қаражаты 52,4 %, бюджеттік қаражат – 18%, несиелер мен  басқа қарыз қаражаттары – 29,6 % құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) белсенді субъектілерінің саны 77,4 мың бірлікті құрады.

Облыстың ШОК субъектілері мемлекеттік бюджетке түсімнің 50%-ын,  жергілікті бюджетке 40%-ға жуығын қамтамасыз етті. Салық түсімінің көлемі 97 млрд.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 8%-ға артты, сонымен қатар олармен жергілікті бюджетке 10% өсіммен 30,7 млрд.теңге аударылды.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында құны 14,5 млрд.теңгеге 190 тапсырыс беріліп, 43,5 млрд.теңге сомасына кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау бойынша 136 келісімге қол қойылды. Құны 493,7 млн.теңгеге кредиттік портфелге 40 жоба бойынша кепілдеме келісіміне қол қойылды.

 

Барлық жаңалықтар