• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеуге қатысты заң жобасын талқыланды

Сенатта зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеуге қатысты заң жобасын талқыланды

16 Ақпан, 2015 16:37
Парламент Сенатының Конституция заңнамалары, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде ««Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш құжат екі елдің территориясына кіру немесе екі елдің аумағында тұрақты тұру тәртіптерін бұзған азаматтарды анықтап, қажет болған жағдайда оларды еліне қайтарып, болмаса оларды тасымалдаудың тиімді шараларын қарастырады.

Сонымен қатар аталмыш комитеттің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы зияткерлік менші саласындағы заңнаманы бір-біріне қайшы келетін баптарды жетілдіру,әкімшілік кедергілер тудыратын кейбір нормаларын жою  арқылы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Заң жобасының талаптары бойынша еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу көзделген.  Құжатты қарау барысында  комитет өкілдерінің түзетулері мен ескертпелерінің негізінде бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болды. Олар: зияткерлік, шығармашылық еңбектің нәтижелерін үшінші жақтың пайдаланылуы тек меншшік иесінің келісімімен ғана емес, заңда көрсетілген өзге жағдайларда пайдаланылады. Ол үшін тиісті құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобаларында жемқорлық әрекеттерге жол беретін баптарды жою сияқты өзге де бірқатар өзгерістер қарастырылған.    

Барлық жаңалықтар