- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылдан бастап әскери азаматтар толықтай мемлекеттік зейнетақы төлеу жүйесіне көшірілетін болады
2016 жылдан бастап әскери азаматтар толықтай мемлекеттік зейнетақы төлеу жүйесіне көшірілетін болады
Қорғаныс министрлігінен хабарланғанындай, бұл Қазақстанның зейнетақы төлеу жүйесін жаңғырту жөніндегі 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасының аясында қарастырылған. Осылайша әскер қатарында белгілі бір уақытқа дейін қызмет етіп немесе штатты ұйымдастыру мәселелері бойынша зейнетке шыққан азаматтар Отанды қорғау қызметінде болған жылдары үшін толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етіледі.
1997 жылы жүргізілген зейнетақы реформасының талаптарына сәйкес, Қарулы Күштер қатарында болған жылдарына төленетін мемлекеттік зейнетақыны тек 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қызмет еткендер немесе әскер қатарындағы өтілі 10 жылдан асқан азаматтар ғана ала алады. Ал 1998 жылдың 21-ші қаңтарынан бастап, әскер қатарына келгендер зейнетакқыларын жинақталған зейнетақы көлеміне қарай алады.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Қазақстан Үкіметінің қаулысы негізінде Қарулы Күштерде қызмет етіп зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақылары 9 пайызға көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен жылдары үшін зейнетақы алатын азаматтардың кемінде 25 жылдық еңбек өтілі болуы керек. Оның 12,6 жылын үздіксіз әскер қатарында өткізуі керек.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты