Ақтөбе кәсіпкерлері «Қазақстанда жасалған» акциясына қосылды

16 Ақпан, 2015 15:33
Ақтөбе қаласындағы әмбебап дүкендерінің бірінде «Қазақстанда жасалған» акциясы басталды, онда отандық тауарлар бөлімі ашылды, деп хабарлады аймақтың Ішкі саясат басқармасы.

Әмбебап дүкендегі сауда алаңын бірінші болып жергілікті өндірушілер «Айс»,  «Молочные истории» және «Бал Юн» ЖШС-тері игере бастады.

«Азық түлік қоржынына кіретін өнімдердің басым бөлігі біздің аймақта өндіріледі. Біздің міндетіміз оны сатып алушыға жеткізу. Ақтөбеліктен отандық өнімге басымдылық береді деген үміттеміз, олар осылайша отандық қазақстандық экономикаға өз қолдауларын білдіреді ғой. Біз бірінші кезекте барлық қолдау шалаларымен отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеміз», - деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова.

Аталып өткендей, ірі сауда желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі сезілуде және ол қуантады. Олар Елбасының тапсырмасына жедел қолдау көрсетіп, тауар өндірушілермен ортақ келісімге келді.

Акцияға базар басшылары да белсенді қатысуда, олардың сауда аумағында арнайы отандық тауарлар сатылымынның нүктесі орнатылатын болады.

ІСБ ақпараты бойынша, қаланың кондитерлік және аспаздық цех басшылары да аталмыш игі бастамаға қатыспақшы.  

Барлық жаңалықтар