ШҚО-да жалпы өңірлік өнім 2,5 пайызға өсті

16 Ақпан, 2015 15:18
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2,5% - ға макроэкономикалық өсіммен 2,2 трлн.теңгеге бағаланады. ЖӨӨ өсуі экономиканың базалық салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді, деді ШҚО әкімдігінде хабарлады.

2014 жылға өнеркәсіп кәсіпорындары 2013 жылға 10% өсіммен, 1098 млрд.теңгенің өнімін  шығарды. Табиғи көлем индексі 100,2 %-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің республикалық көлемдегі үлес салмағы 6% - ға жуығын құрайды, облыстың бір тұрғынына шаққанда  өнеркәсіп өнімінің 787 мың.теңгесі келеді.

Тау кен байыту өнеркәсібі көлемі 6,2 % өсіммен, 102,5 млрд.теңге, табиғи көлем индексі – 86,6 %.

Өнеркәсіп өнімінің негізгі үлесін (83,1%) өңдеу өнеркәсібі құрайды. 2014 жылға ішкі сала өндірісінің көлемі 10,2 %-ға артып, 912,6 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі – 101,3 %-ды құрады.

Саладағы еңбек өнімділігі 2013 жылмен салыстырғанда 16,5 % - ға артты және бір адамға шаққанда  59,5 мың АҚШ долларын құрады.

 

Барлық жаңалықтар