• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Байбек: ҚР Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастама елімізбен халқымыздың мүддесіне жауап беретін дұрыс шешім (Фото)

Б. Байбек: ҚР Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастама елімізбен халқымыздың мүддесіне жауап беретін дұрыс шешім (Фото)

16 Ақпан, 2015 12:19
«Нұр Отан» партиясы Қазақстан халық Ассмаблеясына қолдау көрсете отырып, ҚР Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастама елімізбен халқымыздың мүддесіне жауап беретін дұрыс шешім деп есептейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ОКҚ-да өткен брифингте хабарлады.

«Қазақстан халық Ассмаблеясына қолдау көрсете отырып, ҚР Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастама елімізбен халқымыздың мүддесіне жауап беретін дұрыс шешім деп есептейміз.  Бұл қадам Парламенттің, Үкіметтің, орталық  және жергілікті басқару органдарының Отанымыздың одан әрі өсіп өркендеуіне, алдына қойған мақсаттарына  жетуіне жұмылдыратынына сенімдіміз», - деді Б. Байбек ОКҚ-да өткен  брифингте.

«Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, Келісімді, Бірлікті және Тұрақтылықты бұдан ары нығайту бұрынғыдан да маңызды. Және сондықтанда Елбасы «Нұры Жол» бағдарламасын экономика өсімін қамтамасыз ету үшін ұсынды. ««Нұрлы жол» - ол нақты, әрі әр қадамы есептелген бағдарлама ғана емес, ол тұрақты болашаққа деген сенім», - деп толықтырды ол.

 «Нұр Отан» партиясы барлық азаматтарды, саяси партияларды және қоғамдық күштерді ҚР Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу бастамасына қолдау көрсетуге шақырады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар