• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиясы ҚХА-ның кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдайды

«Нұр Отан» партиясы ҚХА-ның кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдайды

16 Ақпан, 2015 12:01
«Нұр Отан» партиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлуын өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдайды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

«Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі жөніндегі мәселелер өткен жылдан бері қоғамда, сарапшылар қаумдастықтарында және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ интернетте қызу талқыланып жүр. Қазақстан халқы Ассамблеясы жақында ғана кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде  бастама көтерді. Ал елдегі ең ықпалды саяси күштердің бірі ретінде «Нұр Отан» партиясы бұл үдерістен сырт қала алмайды. Сол себепті біз бүгін «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының арнайы мәжілісін өткізіп, осындай мәлімдеме қабылдадық. Яғни «Нұр Отан» партиясы ҚХА-ы өкілдерінің бастамасын толық қолдайды»,-деді Б.Байбек.

 Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда әлемді қаржы-экономикалық тұрақсыздықтың жаңа толқыны жайлай бастады. «Онсыз да қиын жағдай күрделі геосаяси мәселелермен ұштасып отыр. Мұндай жағдайда әдетте ең дамыған деген мемлекеттердің өзінде діни төзімсіздік пен радикалды әрекеттер үдей түседі. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында:   "Алдағы бірнеше жыл жаһандық деңгейдегі сынақтардың кезеңі болмақ. Мұндай күрделі жағдайдан әлемдегі мемлекеттердің барлығы бірдей сәтті өте алмайды»,-деген болатын.

Сол себепті «Нұр Отан» партиясының өкілдері Қазақстанның барлық азаматтары мен саяси партиялар мен қоғамдық күштерін, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы қолдауға шақырады. «Бұл біздің «Қазақстан-2050», «Мәңгілік ел» сияқты ірі жобаларды жүзеге асыра отырып, бұрынғыдан да мықты, бұрынғыдан да ұйымшыл бола түсуіміз үшін жасалған тағы бір мүмкіндік»,-деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.   

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар