• Басты
  • Жаңалықтар
  • Минск жағдайы Қазақстан Президентінің араласуымен оңтайландырылды - Ыдырысов

Минск жағдайы Қазақстан Президентінің араласуымен оңтайландырылды - Ыдырысов

16 Ақпан, 2015 11:39
Минск жағдайы Қазақстан Президентінің араласуымен оңтайландырылды, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мәжілістегі үкімет сағатында.

«Өздеріңіз білетіндей Минскте тамыз айында ЕАЭО үштігінің, Еуропа одағы мен Украина басшылығының кездесуі өтті. Бұл кездесу Минскте қыркүйектің 5 мен 19-да негізгі келісімдерге қол қоюға сеп болды. Және ол келісім қарулы қақтығыстарға нүкте қою керек болатын, алайда ол сақталмады», - деді министр.

Е.Ыдырысовтың айтуынша, бұл Минск жағдайы Қазақстан Президентінің араласуымен қаңтарда оңтайландырылды.

«Сондықтанда Елбасы желтоқсан айының аяғында бейбітшілікті орнату бойынша белсенді шараларды қолға алды. Өздеріңіз білетіндей, ол  Минскке, одан кейін Мәскеуге барып қайтты. Оған дейін бізге Фрация президенті Ф.Олланд келіп қайтқан болатын және содан кейін Мәскеуге жоспарланбаған сапармен барып қайту шешімін қабылдаған», - деп еске салды сыртқы саясат ведомсвтосының басшысы.

Астанада нормандық төрттіктік кездесуі жайдан-жай өткізілмей қалған жоқ. «Алайда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Германия канцлері және Ресей мен Украина президенттерімен келіссөз өткізуі, Қазақстанның шиеленісті жағдайды шешудегі маңызды ролін көрсетеді», - деп атап өтті  Е.Ыдырысов.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар